Нау 23, 2016 18:46 Asia/Almaty
  • Мұхаммад Джавад Зариф бельгиялық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі өзінің бельгиялық әріптесімен телефон арқылы сұхбатында осы ел астанасы Брюссельде сейсенбі күні орын алған лаңкестік жарылыстарды айыптады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Бельгияның Сыртқы істер министрі Дидье Рейндерспен сұхбатында Бельгияның үкіметі мен халқына және осы қылмыстарда құрбан болғандардың отбасыларының қайғы-қасіретіне ортақтасып, көңіл айтты.

Зариф лаңкестік пен әсірешілдіктің әлемдік түйткіл екенін және онымен күресу үшін әлемдік деңгейде шара қолану қажеттігін қуаттады.

Бельгияның астанасы Брюссель қаласында сейсенбі күні орын алған лаңкестік шабуылдарда 34 адам қаза болып, 198 адам жараланды.

Біраз бұрын ИИР Президенті Хасан Рухани Twitter-дегі парақшасында Брюссельдегі лаңкестік шабуылдарды қатаң айыптап, Бельгия үкіметі мен халқына және осы оқиғада жақындарынан айырылған адамдардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Тегтер