Шамхани: Трамптың жуырдағы сөздері оның соғысқұмар мінезін көрсетеді
https://itolqyn.com/news/iran-i30973
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңісінің хатшысы: "АҚШ Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзі оның халықаралық келісімдер мен олардың құқықтық негіздерін дұрыс түсінбеуінен туындап отыр. Сондықтан әлемдік қоғам үшін маңызды емес",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 21, 2017 08:22 Asia/Almaty
  • Шамхани: Трамптың жуырдағы сөздері оның соғысқұмар мінезін көрсетеді

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңісінің хатшысы: "АҚШ Президентінің БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзі оның халықаралық келісімдер мен олардың құқықтық негіздерін дұрыс түсінбеуінен туындап отыр. Сондықтан әлемдік қоғам үшін маңызды емес",-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясында сөйлеген сөзінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қорқынышты әрі өз елі үшін өте ұят келісім деп атап, тағы «Иран лаңкестікті қолдайды» деген уәж айтты. Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетяньяху да АҚШ Президенті Дональд Трамптың уәждерін қолдап, оны батыл әрі тура айтылған деп сипаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңісінің хатшысы Әли Шамхани бұл уәждерге реакция білдіріп: "Бұл сөздер Трамптың бейбітшілікке қарсы соғысқұмар әрі дұшпандық мінезін көрсетеді. Жарнамалық сипатта сахналандырылған әрекеттер елдердің ерік-жігері мен қатынасының  өзгеруіне әсер етпейді. ИИР-ның шынайы ерік-жігері өзінің заңды құқығын голливудтық айқау-шусыз-ақ толық алуға бағытталған",-деді.