Қыр 23, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Ұзақ қашықтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыранының сынағы сәтті аяқталды

Иранның 2 мың шақырымдық қашықтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыранының сынағы сәтті аяқталды.

Ұзақ қашықтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыраны Иранның  2 мың шақырымға арналған үшінші зымыраны болып табылады. Ұзақ қашықтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыран кешенінің тұсаукесер рәсімі кеше жұма күні ИИР Қарулы күштерінің Теһрандағы әскери парады аясында өтті.

Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амирали Хаджизаде: "2000 шақырымдық ұзақ қашықтыққа арналған «Хоррамшахр» баллистикалық зымыраны бірнеше соғыс оқтұмсығын тасымалдау қабілетіне ие. Оқтұмсықты 1800 килограммға дейін тасымалдай алады",-деді.

 

Тегтер