Джаһангири: Нетаньяху мен Трамп әлемдіктерге өздерінің соғысқұмар болмыстарын көрсетті
(last modified Sun, 24 Sep 2017 15:15:22 GMT )
Қыр 24, 2017 21:15 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Нетаньяху мен Трамп әлемдіктерге өздерінің соғысқұмар болмыстарын көрсетті

Иранның Вице-президенті Джаһангири: «АҚШ пен Израиль режимінің басшылары Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас ассамблеясында өздерінің соғысқұмар болмыстарымен қару сату мен әлемді билеуді көздейтіндіктерін көрсетті»,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Исхақ Джаһангири жексенбі күні Теһранда Халықаралық IRAN PLAST көрмесінің ашылу рәсімінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың БҰҰ-ның Бас ассамблеясындағы Иранға қарсы уәждері туралы: «Өткен апта БҰҰ-ның Бас ассамблеясында әлемнің жағдайын анықтады. Оның бір жағында Трамп пен Нетаньяхудің өкілдері болған соғысқұмарлар, екінші жағында өз халықтарының дауысына табанды  әрі өз күштеріне ғана сүйенуді қалайтын тәуелсіз мемлекеттер орналасты. Иран Президентінің Бас ассамблеяда сөйлеген сөзі Иранның қайшылықтарды шешіп, зорлық-зомбылық пен экстремизм және лаңкестіктен ада, сонымен бірге халықаралық заңдарға табанды әлем құруды көздейтінін көрсетті»,- деді.