Ислам революциясының жетекшісі шәһид Ходжаджидың сүйегі әкелінген рәсімге қатысты
(last modified Wed, 27 Sep 2017 09:02:28 GMT )
Қыр 27, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі шәһид Ходжаджидың сүйегі әкелінген рәсімге қатысты

Иран Ислам революциясының жетекшісі бүгін, сәрсенбі күні Теһрандағы имам Хусейн (ғ.с.) атындағы мешітте шәһид Мохсен Ходжаджидың сүйегінің қасында «Фатиха» сүресін оқып, Алладан Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы шәһидтің мәртебесін көтеруді сұрады.

Аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау кеңсесінің мәліметі бойынша, Ислам революциясының жетекшісі шәһид Мохсен Ходжаджидың  отбасымен кездесіп, олардың жанкештілігіне алғыс айтып,  сабыр сақтауды сұрап, Алладан олар үшін сауап тіледі.

Бүгін сәрсенбі күні Теһранда имам Хусейн (ғ.с.) атындағы алаңнан Шәһидтер алаңына дейін шәһид Мохсен Ходжаджидың қасиетті сүйегі Иран астанасының революцияшыл халқының иығынан түсірілмей, құрмет көрсетілді. Содан кейін туған жері Исфаһан облысының Наджафабад қаласына жіберілді.

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің қасиетті кесенесін қорғаушы Мохсен Ходжаджи 2017 жылдың тамыз айының 9 күні  Сирия мен Ирактың шекарасында ДАИШ лаңкестік тобының қолына тұтқынға түскеннен кейін шәһид болды.

 

 

Тегтер