Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Құдай шәһид Ходжаджидің мәртебесін жоғарылатты
(last modified Wed, 27 Sep 2017 13:22:07 GMT )
Қыр 27, 2017 19:22 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Құдай шәһид Ходжаджидің мәртебесін жоғарылатты

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Ықылас пен таза ниет, дер уақытында әрекет ету мен қоғамның осындай шәһадатқа деген қажеттілігі ұлы Құдайдың шәһид Ходжаджидің барша үшін ғазиз болуына себеп болды» деп баса айтты.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін таңертең Теһранда имам Хосейни атындағы мешітте қасиетті кесенелерді қорғаушылардың бірі шәһид Мохсен Ходжаджидің қасиетті сүйегімен қоштасу рәсімінде: «Құдайдың алдында барлық шәһид ғазиз. Бірақ, бұл жігіттің бойындағы бір ерекшелік үшін ұлы Алла оның есімін жоғары дәрежеге көтерді. Ходжаджидің шәһадатына байланысты Иранда қандай толқыныстың орын алғанына қараңыздар» деді. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сонымен қатар Алладан шәһид Ходжаджидің отбасына сабыр тіледі. Шәһид Мохсен Ходжаджидің қасиетті сүйегін бүгін сәрсенбі күні имам Хосейн алаңынан Теһрандағы Шәһидтер алаңына дейін Иранның мыңдаған азаматы иықтарында көтеріп келді. Елдің жоғары деңгейлі үкімет басшылары мен әскери қолбасшыларының қатысуымен өткен рәсімде шәһидтің сүйегі Исфаһан облысындағы туған жері Наджафабадқа аттандырылды.

Қасиетті кесенелердің қорғаушысы Мохсен Ходжаджи биыл тамыз айының 9 күні Сирия мен Ирактың шекарасында ДАИШ лаңкестік тобының қолына тұтқынға түскен соң шәһид болды.

 

Тегтер