Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығының мүшелері революцияның мәртебелі жетекшісімен кездесті
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: "Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығындағы кеңістік пен оның бағыт- бағдары «революциялық, түзу және таза пікірге» толығымен негізделуі керек деп баса айтты.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла улузма Хаменеи ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысы теңіз адмиралы Әли Шамхани және осы кеңес хатшылығының орынбасарлары мен мамандарын қабылдауында: «Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің міндеті қауіпсіздік тақырыбына көп қырлы көзқарас шеңберінде шешім қабылдау болып табылады» деді. Хазірет: «Бүгінде қауіпсіздік мәселесі әскери және қауіпсіздік тақырып аясынан шығып, экономикалық, күнкөріс, мәдени, саяси, әлеуметтік, психикалық және ахлақтық қырларға ие болып отыр» деді.
Хазірет аятолла улузма Хаменеи ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің негізгі міндетін қауіпсіздік мәселесін оның барлық қырларын басшылыққа алу арқылы жан- жақты қарау деп атап: «Кеңестің хатшылығы шешім қабылдау маңызды міндетін ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің қабылдайтын шешімдері қауіпсіздік мәселесіне түзу және көп қырлы көзқарас шеңберінде болатындай атқаруы керек» деді.
Хазірет аятолла улузма Хаменеи кейбіреулердің революцияның негізгі жарқын жолдарын ауыстыру үшін талпыныс жасауына сілтеме жасап: «Имам Хомейни ислам революциясының символы болып табылады. Сол себепті ондаған том кітапта жинақталған оның сөздері революцияның негіздемесі болып табылады. Ислам революциясы жеңісінің бастапқы кезінен кейбіреулер революциялық пікірді қабылдамады. Келесі біреулер жүйенің ішінде болғанымен, үстемшілдермен күресуге қатысты сенімге ие болмаған. Осы ағымға қарсы тұру керек» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі өткен 37 жылда әрдайым күрестің жалғасқанын қуаттап: «Бірақ бүгінде дұшпанның жаңа түйінді тәсілдерінің, соның ішінде киберлік кеңістік және оның мәдени, сенім мен қауіпсіздікке қарсы әсерлерінің салдарынан күрес қиынырақ әрі күрделірек бола түсті» деді.