Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Қажылық – дұшпандардың теріс жарнамаларын залалсыздандыру үшін ең жақсы мүмкіндік
(last modified Tue, 03 Oct 2017 13:06:22 GMT )
Қаз 03, 2017 19:06 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Қажылық – дұшпандардың теріс жарнамаларын залалсыздандыру үшін ең жақсы мүмкіндік

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран Ислам Республикасына қарсы халықаралық үлкен жарнамалық майданға сілтеме жасап: «Қажылық – әлем халықтарымен байланыс орнатып, қарсы тараптың теріс жарнамаларын залалсыздандыру үшін ең жақсы мінбер» деп қуаттады.

Хазірет  аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтап, тарату кеңсесінің хабар торабының мәліметі бойынша, ислам революциясының жетекшісі бүгін сейсенбі күні ирандық қажылардың басшысы мен биылғы жылғы қажылық ісіне жауапты адамдар және ұйымдастырушылармен кездесуде ИИР-на қарсы өте қатерлі әрі белсенді, жарнамалық әртүрлі құрал-жабдықтар және мүмкіндіктермен жабдықталған майданның бар екендігіне тоқталып: «Ислам жүйесі осы майданға қарсы табандылық танытып, шабуыл жасайтын үлкен әлеует пен мүмкіндікке ие. Бұл қауіпті майданмен қарсыласудың жолы – ағартушылық пен белсенді әрі оң жарнама жасауда. Қажылық осы әрекет үшін негізгі орталықтардың бірі» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи қажылардың қауіпсіздігі мен абырой, ғиззаттарын сақтауды өзінің маңызды алаңдаушылықтарының бірі деп атап: «Жауапты басшылардың мәліметтеріне сәйкес, биылғы қажылар көп жайттар бойынша өздерінің құрметтері мен абыройларының сақталғанына риза болған. Алайда, кейбір жайттар бойынша бұзушылықтардың да болғаны жайлы есеп берілді. Соларды қадағалау керек» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи Иранға қарсы теріс жарнаманың көптігі салдарынан адамдардың ойында күдік-күмәннің болуын табиғи іс деп атап: «Қажылық кезінде саудиялық жауапты басшылар бетсіздікпен теледидарға шығып,  ИИР-на қарсы сөздер айтты. Мұндай сөздердің басқа елдердің қарапайым халқының ойында күдік тудыратындығы табиғи жағдай. Бірақ, халықпен байланыс орнатып, күмәндарды жойып, қарсы тараптың қоршауын бұзу керек» деді.

 

 

Тегтер