Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Дұшпандар Иран халқын күрес жолынан қайтаруға күш салуда
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі дұшпандардың Иран халқын, әсіресе жастарын жиһад пен шәһадат жолынан қайтарып, имам Хомейниді ұмытып, революцияның жарқын жолын жоғалтуы үшін көп күш салып жатқанына тоқталып: «Осындай жағдайда жастардың үлкен бөлігінің жүректерінің революциялық концепцияларға бейім болуы таңданыс тудырады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтап, тарату кеңсесінің хабар торабының мәліметі бойынша, ислам революциясының жетекшісі бүгін сейсенбі күні түсте қасиетті кесенелерді қорғаушылардың бірі шәһид Мохсен Ходжаджидің отбасымен кездесуде дәрежесі жоғары осы шәһидті Құдайдың белгісі, мазлұм шәһидтердің өкілі деп атап, халықтың осы шәһидпен қоштасу және жерлеу рәсімдеріне бұрын-соңды болмаған түрде қатысуына сілтеме жасап: «Құдай шәһид Ходжаджидің күрескерлігі арқылы Иран халқын ғазиз етіп, еңсесін биіктетті. Оны революциялық жас буынның символы мен ислам революциясының қазіргі мұғжизасына айналдырды» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи шәһид Ходжаджидің есімінің Иранның барлық жерінде оның күрескерлігі мен мазлұмдықпен шәһид болуына байланысты танымал, мұмтаз әрі жарқырай түсуін тілге тиек етіп: «Барлық шәһидтер – мазлұм. Дұшпан олардың бастарын денелерінен бөліп тастаған Мохсен Ходжаджиден басқа да шәһидтер бар. Алайда, ұлы Құдай өзінің хикметі мен осы жастың ерекшеліктері негізінде оны сол шәһидтердің өкілі етті. Тәкфірлік лаңкестік пен Америка мен Ұлыбританияның қолшоқпарларының зұлымдықтарымен күресте қаза тапқан Иран мен Ауғанстан және Ирак пен басқа аймақтардың барлық шәһидтері шәһид Ходжаджидің бейнесінен көрініс тапты. Құдай оны мазлұмдық және ержүректік шәһидтіктің символына айналдырды» деді.