Иран мен Түркия АҚШ пен сионистік режимге аймақтағы жаңа жобаларын іске асыруға рұқсат етпейді
(last modified Wed, 04 Oct 2017 09:09:12 GMT )
Қаз 04, 2017 15:09 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия АҚШ пен сионистік режимге аймақтағы жаңа жобаларын іске асыруға рұқсат етпейді

ИИР Қорғаныс министрі Амир Хатами "АҚШ пен сионистік режим ДАИШ тобының жобалары сәтсіздікке ұшыраған соң аймақ елдерін бөлшектеу стратегиясына ауысты. Иран мен Түркия аймақтың маңызды әрі ықпалды елдері ретінде оларға жаңа жобаларын іске асыруға рұқсат етпейді",- деп баса айтты.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами Түркия армиясы Бас штабының басшысы армия генералы Хулуси Акармен Теһрандағы кездесуінде  ИИР-ның аймақтың барлық елдерімен, соның ішінде Ирактың территориялық тұтастығы мен бірлігін сақтауға негізделген саясатына тоқталып: "Иран, Түркия және Ирактың ынтымақтастықтары аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға және сепаратистік әрекеттермен қарсыласу үшін пайдалы болады",- деді.

Армия генералы Хулуси Акар да бұл кездесуде Ирактың Күрдістан басшыларының бұл аймақты бөлу әрекеттеріне қатысты Иран, Ирак және Түркияның ортақ ұстаным білдіруіне сілтеме жасап: "Анкара Ирактың біртұтастығы мен бірлігін қолдап, аймақ елдері шекараларындағы ешбір өзгерісті ресми қабылдамайды",- деді.

 

 

Тегтер