Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум – аймақта «жаңа Израиль» қалыптастыру үшін жасалған бастама
(last modified Thu, 05 Oct 2017 08:53:06 GMT )
Қаз 05, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум – аймақта «жаңа Израиль» қалыптастыру үшін жасалған бастама

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, АҚШ пен сионистік режимнің Ирактың Күрдістан аймағындағы референдумнан көздеп отырған мүдделеріне тоқталып: «АҚШ пен шетелдік алпауыттарға сенуге болмайды, олар аймақта «жаңа Израиль» құруды көздейді.

АҚШ пен еуропалық елдердің Ирактың Күрдістан аймағындағы референдум мәселесіне көзқарасы Иран мен Түркияның көзқарасынан мүлдем бөлек. АҚШ өз ықтиярында әрдайым Иран мен Түркияға қарсы тұратын бүлдіргі фактордың болуын қалайды»,-деді.

ИИР мен Түркия Күрдістан аймағын Ирактан бөліп алуға бағытталған референдум негізіне қарсы. Бұл референдум өтерден бірнеше ай бұрын өз ұстанымдарын ашық түрде жариялады.  Теһран мен Анкара әлі де Ирактағы Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзанидің референдум өткізгенін айыптап, оны күрдтердің жоғары мақсаттары, Ирак пен күллі аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына зиян деп санайды.

Иран мен Түркияның қазіргі шұғыл кеңестерінің бір саласы – Ирактың Күрдістан аймағында өткен референдум мәселесі. Түркия Президенті Теһранға сапармен барып, ИИР Президенті Хасан Руханимен кездесіп, осы кеңестерге шолу жасап,  үйлескен шаралар атқару жөнінде пікір алмасты. Осы аяда Рухани Ердоғанмен бірге өткізген баспасөз конференциясында: «Ирак Күрдістанының халқы – жақсы көрші. Оларға қысым жасағымыз келмейді, алайда олар Ирактың Күрдістан аймағындағы кейбір басшылар қабылдаған қате шешімдердің орнын толтыруы керек. Осы аяда Иран, Түркия мен Ирактың Орталық үкіметі өз шешімдерімен өздерінің аймақтағы стратегиялық мақсаттарын көздейді»,-деді.

Ирактың Күрдістан аймағымен мұнай саласында әріптестік жасайтын Батыс елдері, соның ішінде АҚШ пен кейбір еуропалық елдердің позициялары олардың Таяу Шығыс аймағындағы бөліну референдумына қарсы еместігін көрсетеді. АҚШ пен еуропалықтар ресми саясатта Ирактың бірлігін сақтау қажеттігін қуаттағанымен,  референдум негізіне қарсы емес және Израиль режимі таңдаған бағытта әрекет етуде.

Мұхаммадәли Джафардың бірнеше күн бұрын Ливанның «әл-Аһд» ақпарат сайтында жариялаған мақаласында: «Сионистік режимнің жағдайын ескеріп, аймақта Израильдің мүдделерін кепілдендіретін режим құруға талпыныс жасалуда. Сионистік режимнің Ирактың Күрдістан аймағымен әскери-экономикалық байланысы бар. Күрдістан аймағын Ирактан бөліп алу жобасы да осы аяда жасалған сыңайлы. Басқа жағынан бұл мәселені жобалау Палестина мәселесіне аударылған көңілдің азаюына себеп болады»,-деп жазылған. 

Күрдістан аймағын Ирактан бөліп алу жобасының Израиль режимінің саясаты мен талап-тілектерімен байланысын назарға алып  Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған  Теһранда: «Моссадпен келіссөздер үстелінде қабылданған шешімнің ешқандай заңдық күші жоқ, оны қабылдауға да келмейді»,-деп кесіп айтты. 

Сионистік режимнің Күрдістан аймағының Ирактан бөлінуін ашық түрде қолдауы және АҚШ-тың осы саладағы екіқырлы көзқарасы мұның Ирак пен Сирия сияқты үлкен елдерді кішірек елдерге айналдыруға бағытталған сионистік-америкалық жоба екенін көрсетеді. Ердоған Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде: «Бұлтартпайтын айғақтар мен куәлерге сәйкес, АҚШ пен Израиль Ирактың Күрдістан мәселесі туралы ортақ бір келісімге келген. Барзани референдум өткізу арқылы кешірілмейтін қателік жасады»,-деді.