Иран Пәкістанның Белуджистан облысындағы лаңкестік жарылысты айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i31431
Иран СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми бейсенбі күні Пәкістанның Белуджистан облысында орын алған лаңкестік жарылысты айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 06, 2017 18:17 Asia/Almaty
  • Иран Пәкістанның Белуджистан облысындағы лаңкестік жарылысты айыптады

Иран СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми бейсенбі күні Пәкістанның Белуджистан облысында орын алған лаңкестік жарылысты айыптады.

Баһрам Ғасеми бейсенбі күні Пәкістанның Белуджстан облысының шиіттер орталығының бірінде орын алып, ондаған адамның шәһид болып, жаралануына себеп болған лаңкестік жарылысты айыптап, Пәкістан үкіметі мен халқына және осы оқиға құрбандарының отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп: "Мұндай пасық әрекеттер Пәкістанда бейберекеттік тудырып,  бүлік пен діни текетірестерді кеңейту мақсатында  ұйымдастырылып жатыр",- деді.

Пәкістан басшылары елдің оңтүстік-батысындағы "Суфиан" зиярат мекенінде бейсенбі күні жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан құрбан болғандардың санының 18 адамнан асқанын, 30-дан астам адамның жараланғанын мәлімдеді. Бұл лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.