Иран зымырандық салада ешқандай шектеуді қабылдамайды
https://itolqyn.com/news/iran-i31447-Иран_зымырандық_салада_ешқандай_шектеуді_қабылдамайды
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "ИИР өзінің зымырандық және қорғаныстық әлеуетіне қатысты Батыс елдерінің шектеуін ешқашан қабылдамайды",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 07, 2017 16:27 Asia/Almaty
  • Иран зымырандық салада ешқандай шектеуді қабылдамайды

Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "ИИР өзінің зымырандық және қорғаныстық әлеуетіне қатысты Батыс елдерінің шектеуін ешқашан қабылдамайды",- деп мәлімдеді.

 

 

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні америкалық New York басылымына берген сұхбатында ИИР-дың зымырандық және қорғаныстық әлеуетін сақтау қажеттігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Иранның баллистикалық зымырандары ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау үшін жасалмағанын айтып: "Иранның зымырандық сынақтары "Ортақ қадам" бағдарламасының рухын бұзуды білдірмейді. Бұл сынақтар тек қорғаныстық мақсатта жасалуда",- деді.

Зариф Иранның ешқашан атомдық қару-жарақ жасауды мақсат етпегенін баса айтып: "Иранның халықаралық заңдар мен ядролық келісімге сәйкес көптеген таңдау жолы бар. АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуына жауап ретінде сол таңдауларды кез-келген сәтте пайдалана алады",- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Теһранның Сирия президенті Башар Асадқа қолдау көрсетуі мен бұл елдің болашағына қатысты сұраққа: "Тек Сирия халқы ғана өз елінің болашағына қатысты шешім қабылдайды",- деп жауап берді.

Зариф сионистік режимнің аймақтағы айла-тәсілі жайлы: "Израиль режимі экспансия, Палестина халқының құқықтарын бұзу және ядролық қаруға қол жеткізу мақсатында Иранды сылтау ретінде пайдаланды. Израиль - Таяу Шығыс аймағында ядролық қаруға ие жалғыз режим",- деді.