Рухани Пәкістанның ұлттық күніне орай құттықтау жолдады
ИИР Президенті жолдау жіберіп, Пәкістанның ұлттық күніне орай осы елдің премьер-министрін, үкіметі мен халқын құттықтады.
Иран Президенті Хасан Рухани осы жолдауында Теһран-Исламабад қарым-қатынастарының екі елдің мүдделері мен Ислам үмбетінің жоғарғы арман-тілектері негізінде екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейлерде дамып, нығая түсуіне үміт білдіріп, ИИР мен Пәкістан басшыларының ортақ талпыныстарымен екі ел ынтымақтастықтарының бұрынғыдан бетер кеңейе түсетінін мәлімдеді.
Иранның президент әкімшілігі төрағасының байланыс және ақпарат тарату істері жөніндегі орынбасары Иран Президентінің Пәкістан қайраткерлерінің ресми шақыруымен 25 наурыз күні Исламабадқа сапар шегетінін хабарлады.
Иранның президент әкімшілігі төрағасының байланыс және ақпарат тарату істері жөніндегі орынбасары Парвиз Исмаили: "Хасан Руханидің Исламабадқа сапары өткен жылы Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифтің Теһранға сапарына жауап ретінде орын алады" деді.