Рухани: «Ортақ қадам» бағдарламасында көзделген мүдделер кері қайтпайды
https://itolqyn.com/news/iran-i31455-Рухани_Ортақ_қадам_бағдарламасында_көзделген_мүдделер_кері_қайтпайды
ИИР-ның президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында көзделген мүдделердің кері қайтпайтынын қуаттап: «Әлемде ешкім, соның ішінде Америка президенті де «Ортақ қадам» бағдарламасын кері қайтара алмайды» деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 07, 2017 22:40 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» бағдарламасында көзделген мүдделер кері қайтпайды

ИИР-ның президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында көзделген мүдделердің кері қайтпайтынын қуаттап: «Әлемде ешкім, соның ішінде Америка президенті де «Ортақ қадам» бағдарламасын кері қайтара алмайды» деді.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда елдің университеттері мен зерттеу және технология орталықтарында жаңа оқу жылының ресми түрде басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Уәдені бұзған адам өзінің кісілігі мен беделін түсіреді. Бірақ, Иран дұрыс жолды таңдап, өзінің уәдесіне табандылық танытып отыр» деді.  

Рухани «Ортақ қадамды» Иранның ядролық бейбіт технологияны пайдалану саласындағы ахлақтық жеңісі деп атап: ««Ортақ қадам» бағдарламасына дейін кейбір тараптар Иранның ядролық жұмыстарын заңсыз деп атап, Иранның уран байытуға құқығы жоқ десті. Бірақ, қазір бұл технология құқықтық тұрғыдан да, сонымен қатар БҰҰ-ның көзқарасы бойынша да заңды технология саналады. Егер, бір ел Иранға шапқыншылық жасамақ болса, Иран оның алдында тағы да жеңіске жетеді» деді.