Теһранда Ислам ынтымақтастығы ұйымы мәжілістері одағының атқарушы комитетінің отырысы басталды
Ислам ынтымақтастығы ұйымының мәжілістері одағының атқарушы комитетінің 38-ші отырысы Теһранда ұйымның штаб-пәтерінде өз жұмысын бастады.
Ислам ынтымақтастығы ұйымының атқарушы комитетінің отырысына Иранның исламдық кеңес мәжілісінің өкілі ретінде қатысқан Казем Джалали: "Отырыста Одаққа мүше мемлекеттердің ислам мәжілістері төрағалары отырысының өткізілетін уақыты мен 2018 жылдың қаңтар айында Теһранда өтетін отырысының күн тәртібі анықталады",-деді.
Сондай-ақ Иранның Ислам ынтымақтастығы ұйымы мәжілістері одағының атқарушы комитетінің отырысында осы ұйымның мүшелері ислам әлемінің маңызды мәселелерін, соның ішінде Палестина, Сирия, Ирак мәселелерін талқылайды.
Отырысқа комитеттің мүше елдері Алжир, Әзірбайжан, Бенин, Камерун, Индонезия, Ливан, Мозамбик, Пәкістан, Түркия, Сенегал, Мали және Ирак қатысады.