Иран мен Армения барлық салаларда екіжақты байланыстарды кеңейту қажеттігін қуаттады
Иран Ислам Республикасының вице-президенті Иранның көршілес елдермен байланыстарын кеңейтуді көздейтінін айтып, Иранның сыртқы саясатында Арменияны өте маңызды орынға ие деп атады.
Иран республикасының вице-министрі Армения премьер-министрінің Теһран сапарын екі елдің байланыстарын дамыту үшін жақсы мүмкіндік деп бағалап: «Армения – Еуразия одағының мүшесі әрі Еуропа одағымен жақсы қарым-қатынасқа ие ел. Иран осы мүмкіндікті пайдалана алады. Иран мен Армения тасымал, энергетика, электр қуаты мен газ, ауылшаруашылығы және ғылыми-мәдени тақырыптар бойынша ынтымақтастық жасау әлеуетіне ие. Армения – Парсы шығанағы мен Қара теңіз арасында байланыс орната алатын өзектердің бірі. Иранның солтүстік-батысындағы Арас еркін аймағы да екі елдің жеке секторының әріптестігі үшін жақсы мүмкіндік» деді.
Армения премьер-министрі Карен Карапетян да отырыста Иран мен Армения арасындағы сауда айналымы көлемінің артуын қуаттап, ирандық компаниялардың сауда байланыстарын арттыру үшін Армения нарығына енуіне мүдделік танытты.
Армения премьер-министрі Иранның Таулы Қарабақ кикілжіңіне қатысты жасаған серіктестігіне алғыс білдіріп, Иранның вице-министрін Арменияға сапармен келуге шақырды.
Армения премьер-министрі елінің жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегациясын бастап, ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін дүйсенбі күні таңертең Теһранға келді.