Қаз 10, 2017 09:04 Asia/Almaty
  • Теһранда Иран мен Тунистің сауда мүмкіндіктерін кеңейту тақырыбында конференция өтті

Теһранда Иран мен Тунистің сауда мүмкіндіктерін екі елдің экономикалық және сауда ынтымақтастықтарын арттыру арқылы кеңейту тақырыбында конференция өтті.

Конференцияда Теһран қаласындағы Тунистің елшісі Ғази Бен Салеһ Иран мен Тунис арасындағы сауда қатынастарының екі елдің әлеуетіне лайық емес екенін, бірақ оны дамыту үшін көп мүмкіндіктердің   бар екенін айтып: "Иранның экономикасы технология мен маңызды өнеркәсіпке негізделген. Осы мүмкіндіктерді Тунис пен Африкадағы аймақтық нарықтарға, Еуропаның  оңтүстігі мен Жерорта теңізі аймағына экспорттау үшін пайдалануға болады" ,-деді.

 

Тегтер