Джазайери: Иран Американың дұшпандық шараларымен күресу үшін әртүрлі жоспар дайындады
(last modified Tue, 10 Oct 2017 17:39:05 GMT )
Қаз 10, 2017 23:39 Asia/Almaty
  • Джазайери: Иран Американың дұшпандық шараларымен күресу үшін әртүрлі жоспар дайындады

Иран Қарулы Күштерінің бас ақпарат хатшысы елінің Американың дұшпандық шараларымен күресу үшін әртүрлі жоспар құрғанын хабарлады.

Иран Телерадио ұйымының сейсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, ИИР Қарулы күштерінің бас ақпарат хатшысы бригада генералы Сейед Масуд Джазайери Ислам революциясы жеңісінің 40-шы жылдығын өткізуді ұйымдастыру тақырыбындағы отырыс аясында Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималына тоқталып: «Жасалған бағдарламаларға сәйкес, Америка «Ортақ қадамнан» шыққан жағдайда Иранның көрсететін реакциясы жан-жақты болады.  Иран әскери аспектіде әртүрлі жоспар құрды. Іс жүзінде америкалықтарға қатаң жауап беріледі» деді.

Иран Телерадио ұйымының басшысы Абдулали Али Аскари де батыстықтардың Иранмен зымырандық әлеуетін төмендету мақсатында келіссөз өткізу үшін өтініш жасағанын мәлімдеп: «Иранның зымырандық әлеуеті келіссөзге жатпайды. Бұл – ИИР күш-қуатының бір бөлігі» деді.

Иранның Мәдениет және Исламдық Бағдар министрі Сейед Аббас Салехи де Американың «Ортақ қадам» бағдарламасынан ықтималды шығуына қатысты Теһранның реакциясын білдіріп: «Американың «Ортақ қадамнан» шығуы әлемнің әлемдік үстемшілдіктің уәдесінде тұрмайтындығын көбірек тануына себеп болады» деді.  

 

Тегтер