Рухани: Иран Арменияға техникалық және инженерлік қызмет ұсынуға әзір
(last modified Tue, 10 Oct 2017 17:49:40 GMT )
Қаз 10, 2017 23:49 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Арменияға техникалық және инженерлік қызмет ұсынуға әзір

Иран Ислам Республикасының президенті Армения премьер-министрімен кездесуде Теһранның Ереванға көбірек техникалық-инженерлік қызмет көрсетуге әзірлігін, сонымен қатар көршілес елдермен, соның ішінде Армениямен серіктестіктері мен достық байланыстарын дамытуға мүдделік танытатынын мәлімдеді.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Армения премьер-министрі Карен Карапетянмен кездесуінде екі елдің байланыстарын оң бағалап, Теһран-Ереванның байланыстары мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтарын дамыту үшін әлеуеттерді барынша пайдалану қажеттігін айтты.

Рухани аймақта жаңа байланыстар мен серіктестіктердің қалыптасуында Иранның Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің қатарына қосылуының үлкен рөл атқаратынын айтып: «Екі елдің серіктестіктері мен сауда-экономикалық байланыстарындағы серпінді арттыру үшін Иран мен Армения шекараларындағы еркін сауда аймақтарының мүмкіндіктері мен потенциалдарын пайдалану керек» деді.

Армения премьер-министрі Карен Карапетян да кездесуде екі елдің әртүрлі салалардағы байланыстары мен әріптестіктерін дамыту қажеттігі мен Арменияның еркін сауда аймақтарына ирандық инвесторлар мен компаниялардың көбірек атысалысуы керектігін қуаттады.

Карапетян Иран, Армения және Грузияның транзит саласында Түркіменстанмен энергия секторындағы үш жақты серіктестігін маңызды деп атап, Теһран-Ереван ортақ серіктестік комиссиясының осы байланыстарды ұйымдастыру үшін көбірек талпыныс жасауы керектігін баса айтты.