Иран Президентінің Ұлттық ғарыш технологиясы күні сөйлеген сөзі
(last modified Thu, 04 Feb 2016 11:40:03 GMT )
Ақп 04, 2016 17:40 Asia/Almaty
  • Иран Президентінің Ұлттық ғарыш технологиясы күні сөйлеген сөзі

ИИР Президенті: «Иранда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы іске асырылғаннан кейін технология, ғылым және әлем елдерімен қарым-қатынас орнату үшін жаңа кеңістік пайда болды»,- деді.

ИСНА-ның мәліметінше, ИИР Президенті Хасан Рухани Ұлттық ғарыш технологиясы күні Теһранда сөйлеген сөзінде: «Еуропаға жасалған таяудағы сапарда және ұшақтар сатып алу мен мұнай мәмілелерінде басқалардың технологиясы мен білімін пайдалану қуатталды. ИИР дүниежүзіне ғылымды жақсырақ пайдалану үшін әлемдегі инвестиция мен заманауи технологияны қолдайтынын жариялады»,- деп мәлімдеді.

Иран Президенті сөзінің жалғасында халықты қасиетті «Фаджр» онкүндігімен құттықтап: «Халық табандылық білдіріп, санкциялар мен қысымдарға, қиындықтарға қарсы тұрды. Егер халықтың табандылығы, Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығы, мамандардың біліктілігі мен келіссөздерге қатысқандардың тәжірибесі мен жанкештілігі болмағанда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы нәтижеге жетпейтін еді»,- деп қуаттады.

ИИР Президенті сондай-ақ Иран халқының атымен және Иран халқы үшін талпыныс жасағандар мен «Дусти» жерсерігін жасауға қатысқандарды және басқа жерсеріктер мен оларды тасымалдайтын құралдарды жасауға ат салысқан жоғары оқу орындарына алғыс айтты.