Рухани: Иранның сыртқы саясатының принципі – Африка елдерімен байланыстарды дамыту
https://itolqyn.com/news/iran-i31623-Рухани_Иранның_сыртқы_саясатының_принципі_Африка_елдерімен_байланыстарды_дамыту
ИИР Президенті Рухани Африка елдерімен байланыстарды дамытуды Иранның сыртқы саясатының принципі деп атап, Теһранның барлық Африка елдерімен, соның ішінде Танзаниямен қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамытып, тереңдетуді құптайтынын қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 12, 2017 08:02 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның сыртқы саясатының принципі – Африка елдерімен байланыстарды дамыту

ИИР Президенті Рухани Африка елдерімен байланыстарды дамытуды Иранның сыртқы саясатының принципі деп атап, Теһранның барлық Африка елдерімен, соның ішінде Танзаниямен қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын дамытып, тереңдетуді құптайтынын қуаттады.

Хасан Рухани Теһранда Танзанияның Сыртқы істер министрімен кездесу барысында Танзанияны Иран үшін Шығыс Африка нарығына кіретін қақпа деп атап: "Екі ел арасындағы 900 жылдық тарихи-мәдени қарым-қатынастар Иран мен Танзания әріптестіктерінің артуындағы құнды капитал болады",-деді. ИИР Президенті Иран компанияларының инженерлік-техникалық салалардағы  әлеуеттеріне тоқталып, сол компаниялардың Африкадағы даму жобаларына қатысуға әзірлігін мәлімдеді.