Иран Қорғаныс министрі: Сақшылар корпусы – лаңкестікке қарсы ең қуатты орган
https://itolqyn.com/news/iran-i31647-Иран_Қорғаныс_министрі_Сақшылар_корпусы_лаңкестікке_қарсы_ең_қуатты_орган
Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі: "Ислам революциясының Сақшылар корпусы – лаңкестікке қарсы ең қуатты орган. Ол лаңкестікпен күрестің алғы шебінде орналасқан",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 12, 2017 22:25 Asia/Almaty
  • Иран Қорғаныс министрі: Сақшылар корпусы – лаңкестікке қарсы ең қуатты орган

Иранның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі: "Ислам революциясының Сақшылар корпусы – лаңкестікке қарсы ең қуатты орган. Ол лаңкестікпен күрестің алғы шебінде орналасқан",- деп мәлімдеді.

Бригада генералы Амир Хатами бейсенбі күні АҚШ үкіметі мен басшыларының жуырдағы Сақшылар корпусына қарсы білдірген ұстанымдары мен жасаған қоқан-лоққыларына реакция білдіріп: "Сақшылар корпусы, Әскер мен Иранның басқа да күштері АҚШ үкіметінің дұшпандық саясаттары мен әрекеттеріне қарсы біріге отырып табандылық көрсетуде",- деді.

Иранның Қорғаныс министрі Сақшылар корпусын Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестікке қарсы ең танымал күштер деп атап: "Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым деп атап, оған қарсы санкция жариялау лаңкестік әрекеттің бір түрі саналады. Лаңкестікпен күресуші бұл ұйымға қарсы кез-келген қастандық және әлсірету әрекеті аймақ пен әлемде лаңкестік пен қауіпті таратуға көмектесу саналады",- деді.

Ол Сақшылар корпусына қарсы дұшпандық әрекеттердің артында АҚШ-тағы сионистік лоббидің тұрғанын айтып: "АҚШ президенті Дональд Трамп таңдаған жол әлемді соғыс пен қантөгіске жеткізеді. Ал АҚШ пен әлемнің халықтары, таңдаулы элитасы мен ойшылдары мұндай қатаң да қатерлі саясаттар мен әрекеттерге төзе алмайды",- деді.