Салехи: Сақшылар корпусына қарсы ықтималды санкция соғыс жариялаумен тең
(last modified Thu, 12 Oct 2017 16:55:21 GMT )
Қаз 12, 2017 22:55 Asia/Almaty
  • Салехи: Сақшылар корпусына қарсы ықтималды санкция соғыс жариялаумен тең

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы ықтималды санкция АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы дұшпандық әрекетінің белгісі болмақ",- деді.

Али Акбар Салехи сәрсенбі күні кешке Лондонда әлемдік БАҚ сарапшыларының алдында сөйлеген сөзінде: "Әскер мен Қарулы күштер әрбір елдің қорғанысы мен қауіпсіздігінің кепілі болғандықтан, Иран АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы санкция жариялау түріндегі ықтималды әрекетін соғыс жариялаумен тең санайды",- деді.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу мәселесінің халықаралық салдарға соқтыратынын айтып: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға мүдделі. Бірақ кез-келген жолмен емес. Сондықтан барлық тарап "Ортақ қадам" бағдарламасы сақталуы үшін талпыныс жасауы тиіс.

ИИР ұстанымдарының ядролық саладағы әрекеттерінің бейбіт мақсатта пайдалануға негізделгені бірнеше рет анық айтылды",- деді.

 

Тегтер