Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесіп, барлық тараптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болу қажеттігін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Франция мен Иран Сыртқы істер министрлерінің кеше бейсенбі күнгі телефон арқылы сұхбаттарында Франция Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан Иранның көрген пайдасы туралы тағы қуаттады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні кешкк АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен телефон арқылы сөйлесуінде барлық тараптардың аталмыш халықаралық келісімге Иран сияқты табанды болуы қажеттігі баса айтты.
Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль де АҚШ үкіметінің Иран мен "алтылық" тобының ядролық келісіміне қарсы болуын Еуропа мен АҚШ арасындағы алауыздыққа себеп болады деп сараптады.
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Джон Керри: "Трамп бұл халықаралық келісім туралы АҚШ халқына өтірік айтуда",- деді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Хакаби Сандерс бейсенбі күні кешке АҚШ Президенті Дональд Трамптың жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:45-те "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын жариялайтынын хабарлады.