Президент Трамптың Иранға қарсы ұстанымдарына жауап берді
(last modified Sat, 14 Oct 2017 09:21:03 GMT )
Қаз 14, 2017 15:21 Asia/Almaty
  • Президент Трамптың Иранға қарсы ұстанымдарына жауап берді

Иран президенті АҚШ президентінің сөздерін Иранның ұлы халқына қарсы балағаттау мен бос айыптау деп атады.

Хасан Рухани жұма күні кешке телеарна арқылы тікелей эфирден АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы ұстанымдарына реакция білдіріп, АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласу тарихына тоқталып: "Иран халқы – негізсіз және жеккөрінішті сөздердің ықпалында бір диктатордың алдында бас иетін халық емес. Иранның ұлы халқы бүгінгі таңға дейін ешбір алып державаның алдында басын иген емес және имейді.

Трамптың сөздері "Ортақ қадам" бағдарламасының оның сайлауалды кезеңде ойлағаннан да берік  екенін көрсетті. АҚШ бүгінде "Ортақ қадам" бағдарламасы мен Иран халқына қарсы қастандық әрекеттерінде жалғыз өзі қалды.

Трамп бүгін кешке қазіргі Американың тарихи шындықтар, құқықтық және халықаралық құрылымдармен, тіпті Еуропалық одақтастарымен арасында қандай үлкен алшақтықпен бетпе-бет келгенін дәлелдеді",- деп баса айтты.

Рухани сондай-ақ дұшпандарға қарсы қорғаныстық қуатты арттыру қажеттігін қуаттап: "Ислам революциясының Сақшылар корпусы аймақ елдерімен бірге лаңкестікке қарсы күресуде.

ИИР әшкере түрде аймақтағы лаңкестікке қарсы тұр. Трамптың өткен жылы сайлауалды бәсекелестік кезінде ДАИШ тобын АҚШ үкіметінің өзі құрғанын мәлімдеген дәл сол лаңкестерге қарсы Иран табандылық танытып отыр",- деп мәлімдеді.