Зариф: Айыптап, қоқан-лоққы жасау мен құрметсіздік көрсету ирандықтарды ешқашан қорқытпайды
https://itolqyn.com/news/iran-i31689
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің Иран мен "Ортақ қадамға" қарсы сөздерін бос сөз деп атап: "Айыптап, қоқан-лоққы жасау мен құрметсіздік таныту ирандықтарды ешқашан қорқыта алмайды",- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 14, 2017 15:48 Asia/Almaty
  • Зариф: Айыптап, қоқан-лоққы жасау мен құрметсіздік көрсету ирандықтарды ешқашан қорқытпайды

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ президентінің Иран мен "Ортақ қадамға" қарсы сөздерін бос сөз деп атап: "Айыптап, қоқан-лоққы жасау мен құрметсіздік таныту ирандықтарды ешқашан қорқыта алмайды",- деп баса айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "АҚШ президенті Дональд Трамптың достығының ең жоғары баға ұсынатын адамдарға сату үшін болғаны баршаға мәлім.

Трамптың Иранға қатысты бос сөздеріне қолдау көрсеткендердің Парсы шығанағындағы Сауд Арабиясы, БАӘ мен Бахрейн екендігі таңданыс тудырмайды.

Соңында Трамп өзіне дейінгі президенттер секілді Иран халқына қарсы айыптаулар мен қоқан-лоққылардың пайдасыз екенін және бұл халықты қорқыта алмайтынын түсінетін болады",- деп қуаттады.