Иран жақында Еуразия Одағына мүшелікке өтеді
Иранның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылығы палатасы басшысының орынбасары ортақ палаталардың, әсіресе Иран мен Арменияның сауда мүмкіндіктерін анықтап, экономика саласында мағлұмат ұсынуы үшін белсенді болуын қажет деп атады.
Педрам Солтани Иран мен Армения ортақ палатасының жаңа басқарма кеңесімен кездесуде ортақ палатаның Еуразия аймағымен сауда байланыстарын кеңейтудегі орнын маңызды деп бағалап: «Иран жақында Еуразия одағына мүшелікке өтеді. Бұл оқиға Иран мен осы одаққа мүше басқа елдер арасындағы байланыстардың жаңа тарауын ашады. Иранның сауда палатасы сауда мүмкіндіктерін анықтап, әртүрлі елдермен, әсіресе көршілес елдермен байланыстарды нығайта алады» деді.
Арменияның Еуразия Одағына мүшелігі мен осы одақтың Еуропа одағымен жақын қарым-қатынасы Теһран-Ереван байланыстарын кеңейту үшін жақсы мүмкіндік саналады. Сонымен қатар, Армения – Иранның Еуразия Одағына мүше елдерге тауар экспорттауы мен қызмет ұсынуы үшін жақсы дарбаза.
Еуразия экономикалық одағы 2015 жылы Беларусь, Қазақтан мен Ресей елдерінің келісімге қол қоюымен жұмысын бастаған болатын. Кейін Қырғызстан мен Армения да осы одаққа толық мүшелікке өтті.