Рухани: Келіссөз үстелін сындыру – өнер емес
(last modified Sat, 14 Oct 2017 17:21:43 GMT )
Қаз 14, 2017 23:21 Asia/Almaty
  • Рухани: Келіссөз үстелін сындыру – өнер емес

ИИР-ның президенті «Келіссөз үстелін сындыру – өнер емес. Әлемдік алауыздықтардың шешім негіздері сұхбат арқылы нығайтылуы керек» деп қуаттады.

Хасан Рухани Теһрандағы Швейцарияның жаңа елшісі Маркус Лейтердің сенімхатын қабылдау рәсімінде: «Шәксіз, болашақта тарих пен әлем, соның ішінде Америка халқы өз елдерінің қазіргі басшылары таңдаған жолдың нәтижесіз әрі қате болғанына жақсырақ төрелік ететін болады» деді. Рухани сонымен қатар Теһрандағы Грекияның жаңа елшісі Дмитрий Александракистің сенімхатын қабылдауда сөйлеген сөзінде: ««Ортақ қадам» бағдарламасы сұхбат пен серіктестіктің халықаралық мәселелерді шешудің ең жақсы жолы екенін, әрі әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде Еуропа мен Американың мүддесіне сай екенін дәлелдеді» деді.  

ИИР-ның президенті Теһрандағы Норвегияның жаңа елшісі Ларс Нордрумның сенімхатын қабылдағанда: ««Ортақ қадам келіссөздерге, әсіресе халықаралық және аймақтық әртүрлі мәселерге қатысты есіктерді ашты. Еуропа Одағына мүше барлық елдер, соның ішінде Норвегия осы келісімді сақтап, серіктестіктің мүмкіндіктерін пайдалануда сындарлы рөл атқаруы тиіс» деді.