Зариф: Сақшылар корпусы – Иран халқының мақтанышы
ИИР Сыртқы істер министрі Ислам революциясы Сақшылар корпусын Иран халқының мақтанышы деп атап, Сақшылар корпусын ИИР армиясымен қатар Иранның аумақтық тұтастығының кепілі деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні кешке Иранның Бірінші телеарнасының «Бір көзқарас» атты бағдарламасында АҚШ Президентінің Иран мен Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы жауластық сипаттағы сөздерін айыптап: «Дональд Трамптың жұма күнгі сөздері дипломатиялық әдептен тыс болды»,-деді.
ИИР Сыртқы істер министрі америкалықтардың әрдайым Иран халқымен жауласуды және диктаторларды қолдауды көздеп келгенін айтып: «Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадта (1953 жылы) АҚШ өзіне бағынышты Пехлевидің диктаторлық режимін қолдау мақсатында Иранның заңды үкіметін құлатты»,-деді.
Зариф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтарына тоқталып: «Осы уақытқа дейін Иран немқұрайдылықтар, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу жайттары, АҚШ-тың Қаржы министрлігінің ұшақ сатып алуға рұқсат беруді кешеуілдетуіне қатысты 9 хат жазды»,-деді.