Джахангири: Трамп бұрынғыдан бетер жалғыз қалды
ИИР-ның Вице-президенті АҚШ Президентінің жұма күні кешке Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы жауластық сипаттағы сөздеріне реакциясында: «Әлем елдерінің Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдауы Дональд Трамптың бұрынғыдан бетер жалғыз екенін көрсетті»,-деді.
ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангири сенбі күні кешке Иранның солтүстік-батысындағы Шығыс Әзірбайжан облысында Трамптың хабардарлық деңгейінің жеткіліксіз екенін айтып: «АҚШ Президенті әлемдік қауымдастық тарапынан расталған халықаралық келісімдерге күмән тудырып отыр. Ислам революциясының Сақшылар корпусы – аймақта жапа шеккен елдердің сүйеніші»,-деп қуаттады.
Сонымен қатар, ИИР-ның Барлау министрі АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакциясында: «Дональд Трамптың абайсыз айтқан сөздері Иран халқын одан ары бірлікке ынталандырады»,-деді.
ИИР-ның Барлау министрі сейіт Махмұд Алави Трамп сөздерінің ақлақ пен әдеп және сыпайылықтан ада болғанын айтып: «Трамптың Иран мен «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қарсы сөздері АҚШ-ты одан ары оқшауландыра түседі»,-деді.