Рухани: АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына соққы беру жолында жалғыз қалды
https://itolqyn.com/news/iran-i31791-Рухани_АҚШ_үкіметі_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасына_соққы_беру_жолында_жалғыз_қалды
ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына соққы беру жолында АҚШ үкіметінің жалғыз қалуын Иранның жетістіктерінің бірі деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 17, 2017 16:20 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ үкіметі

ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына соққы беру жолында АҚШ үкіметінің жалғыз қалуын Иранның жетістіктерінің бірі деп атады.

Иран Президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда "Күрескер руханилер қоғамының" өкілдерімен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын халықтың қолдауы және Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауының  нәтижесінде қол жеткізілген маңызды әрі ұлттық жетістік деп атады.

Рухани пайда болған мұрсаттар мен санкциялардың күшінің жойылуын, банктік қарым-қатынас қиындықтарының біртіндеп шешілуіне және шетелдік инвестицияның  келуі мен әлемнің әртүрлі елдерінің Иранға сенім артуына тоқталып: "Саяси тұрғыдан да АҚШ үкіметнің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына соққы беру жолында жалғыз қалуы және әлемдік қоғамның, әсіресе Еуропа мен "алтылық" тобы мүшелерінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдап, Иранмен ынтымақтастықтарын жалғастыруы Иранның келесі жетістіктеріне жатады",- деді.