Зариф: Иран аймақтың басқа ойыншыларын саяси сахнадан кетіруді көздемейді
https://itolqyn.com/news/iran-i31794-Зариф_Иран_аймақтың_басқа_ойыншыларын_саяси_сахнадан_кетіруді_көздемейді
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Твиттердегі" парақшасында: "Иран аймақтың басқа ойыншыларын саяси сахнадан кетіруді көздемейді. Олар тек қателіктері мен қате таңдаулары үшін айыпталуы керек",- деп жазды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 17, 2017 17:01 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран аймақтың басқа ойыншыларын саяси сахнадан кетіруді көздемейді

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф "Твиттердегі" парақшасында: "Иран аймақтың басқа ойыншыларын саяси сахнадан кетіруді көздемейді. Олар тек қателіктері мен қате таңдаулары үшін айыпталуы керек",- деп жазды.

ИСНА-ның дүйсенбі күні мәліметіне сәйкес, Мұхаммад Джавад Зарифтың Твиттерінде оның "Атлантик" басылымындағы мақаласының бір бөлімі жарияланды. Иран Сыртқы істер министрі өз мақаласында: "АҚШ-тың аймақтағы әскери орналасуының мақсаты – тек АҚШ-ның мүдделеріне қатысты қоқан-лоққылармен күресу ғана емес, Вашингтонның одақтастарының қолдауымен артып, осы кезде Еуропа қалалары мен Америкаға қатер тудырып отырған қоқан-лоққылармен күресу. Аймақтың кейбір араб мемлекеттерінің Иранға қарсы уәждері олардың кейбіреуі, атап айтқанда Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі Йеменге қарсы соғыс бастап, Бахрейнге шабуыл жасап, Қатарға санкциялар енгізіп, Сириядағы лаңкестік топтарға қаржылай және қару-жарақпен қолдау көрсетіп отырған жағдайда айтылуда",- деп жазды.