Иранның Жоғары соты: Әлемдіктер АҚШ үкіметінің сенімсіз үкімет екенін түсінді
(last modified Tue, 17 Oct 2017 11:05:06 GMT )
Қаз 17, 2017 17:05 Asia/Almaty
  • Иранның Жоғары соты: Әлемдіктер АҚШ үкіметінің сенімсіз үкімет екенін түсінді

Иранның Жоғары соты: "АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы тақырыбында өзін сенім артуға болмайтын үкімет екенін көрсетіп, әлемдік сахнадағы абыройын одан сайын түсірді",- деді.

Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күнгі сот басшыларының отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы сөздеріне тоқталып: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздер ИИР-ның келіссөз жүргізе алатын, сондай-ақ халықаралық есеп және дипломатиялық әдеппен толық таныс ел екенін көрсетті",- деді.

Иранның Жоғары соты Трамптың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы бос сөздеріне сілтеме жасап: "Бұл сөздер олардың Сақшылар корпусының Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қарсы күресінен көрген соққыларынан туындап отыр. Өкінішке орай, аймақ елдерінің кейбір басшылары өздері мен ислам әлемінің мүдделеріне немқұрайдылық танытып, АҚШ-тан миллиардтаған долларға қару сатып алды. Бірақ, АҚШ Иранның өзін билікқұмарлар мен үстемшіл дұшпандардан қорғау үшін жасаған зымырандарын сынға алып отыр",- деп қуаттады.