Ислам революциясының жетекшісі Мьянманың босқын мұсылмандарына көмек бөлді
(last modified Wed, 18 Oct 2017 09:34:15 GMT )
Қаз 18, 2017 15:34 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі  Мьянманың босқын мұсылмандарына көмек бөлді

Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы әрі діни жетекші өкілінің Ислам революциясының жетекшісіне Мьянмадағы апатқа қатысты рохинджа мұсылмандарының нашар жағдайы туралы хатынан кейін аятолла Хаменеи Мьянманың панасыз мұсылмандарына көмек ретінде 250 000 доллар қаржы бөлді.

Аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсенің мәліметі бойынша, Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы әрі діни жетекшінің өкілі  Ислам революциясы жетекшісіне жолдаған хатында Мьянмадағы адами апат пен жүздеген мың мұсылмандардың панасыз қалуына тоқталып, Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының босқындарға жедел көмек көрсету саласындағы әрекеттері туралы мәлімдеді. Жарияланған мәліметтер бойынша Мьянма армиясының тамыздың 25-нен Ракхайн облысындағы рохинджа мұсылмандарына жасаған шабуылдары салдарынан 6000-нан астам мұсылман қаза болып, кемінде 8000 адам жарақат алып, 500 000-нан астам адам Бангладешке қашқан.

 

 

 

Тегтер