Рухани: Иран Өзбекстанмен байланыстарды дамытып, тереңдетуді құптайды
Иран Ислам Республикасының президенті ИИР-ның Өзбекстанмен екіжақты, аймақтық және халықаралық байланыстарын бұрынғыдан бетер дамытып, тереңдетуге әзір екенін, осы жолда ешбір кедергінің жоқ екендігін баса айтты.
Хасан Рухани сәрсенбі күні Өзбекстан Сыртқы Істер Министрі Абдулазиз Камаловпен Теһранда кездесуде екі халықтың тарихи байланыстарының екі үкіметтің барлық салалардағы қарым-қатынастарын нығайту үшін үлкен мүмкіндіктерді қалыптастырғанын, байланыстардың дамуының екі елдің халқы мен аймақ үшін пайдалы екендігін мәлімдеді.
Иран Президенті екі ел арасындағы Ауғанстан, Түркіменстан мен Тәжікстан бағыттары арқылы транзиттік жолдарды нығайту туралы әртүрлі жобаларға тоқталып: «Екі елдің транзиттік жолдарын жақсартумен қатар жеке секторлар осы мүмкіндікті пайдалануы үшін банктік серіктестіктер мен виза беру ісі жеңілдетілуі керек» деді.
Рухани сонымен қатар аймақтың барлық елдерінің қауіпсіздігін бір-бірімен байланысты деп қуаттап, аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау үшін ұжымдасып талпыныс жасауға мүдделік танытты.
ИИР-ның президенті сөзінің жалғасында аймақ елдерінің дұшпандарға мазхаб пен этникалық айырмашылық саласында алауыздық тудыру жобаларымен аймақ елдерінің арасына жік салуына жол бермеуі керектігін қуаттады.
Өзбекстан СІМ Абдулазиз Камалов та кездесуде Теһранмен барлық салалар бойынша байланыстарды дамытып, тереңдетуді сұрап, ел президенттерінің Астана отырысындағы келісімдерін жүзеге асыру арқылы екі елдің байланыстарының арта түсетіндігіне үміт білдірді.
Өзбекстан СІМ сонымен қатар екі елдің аймақтағы қауіпсіздік тақырыптары бойынша ынтымақтастық жасауына ынта білдіріп: «Иран мен Өзбекстан исламдық бай тарихқа ие болуының арқасында аймақтағы экстремистік идеологияның дамуына тосқауыл қоя алады» деді.