АҚШ-тың Иранмен жауласуының себептері: ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы
(last modified Thu, 19 Oct 2017 09:09:06 GMT )
Қаз 19, 2017 15:09 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранмен жауласуының себептері: ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ғылым саласындағы жүздеген дарынды жаспен кездесуінде АҚШ-тың Иранмен жауласуындағы мақсаттарына тоқталып, осы саладағы маңызды жайттарды түсіндірді.

Аятолла Хаменеи Иранның АҚШ-қа тәуелділігінің толығымен жойылғанына тоқталып: «Дұшпандар ИИР-ның өзгерістері мен белсенділіктерін бақылағанда Иранның артта қалған бағынышты елден саясат, ғылым және қорғаныс салаларындағы ықпалы күн сайын артып келе жатқан  айбынды елге айналғанын көргенде ашу-ызаға булығып, қатты алаңдап отыр»,-деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимінің Иран халқымен дұшпандығының революция жеңіске жеткен алғашқы күндерден-ақ басталғанын айтып: «Ол кезде атом қуаты мәселесі де, зымырандық қуат пен аймақтық ықпал мәселесі де көтерілмеген болатын, бірақ америкалықтар революция жеңіске жеткеннен кейін  «пайдасы мол бағынышты ел» ретіндегі Иранды қолдан шығарып алғанын түсінді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың бұзақы режимін марқұм имамның шынымен дұрыс айтқаны бойынша «Үлкен шайтан» деп атап: «АҚШ режимі – халықаралық сионизмнің өте қатерлі желісінің орындаушысы, тәуелсіз халықтардың дұшпаны және аймақ пен әлемдегі соғыстардың көбінің себепкері. Ол халықтардың байлығын сүліктей сорады»,-деді.

Ислам революциясы жетекшісінің сөздерінде бірнеше рет еске салынған маңызды жайт АҚШ-тың Иранмен жауласуының басты дәлелінің АҚШ-тың аймақта, соның ішінде Сирия, Ливан мен Иракта жоспарларының жүзеге аспауы болғанын терең түсіну қажеттігі болып табылады.  АҚШ пен Израильдің бұл аймақтағы іріткі салу және бөлшектеу сценарийлері бұзылды. АҚШ Иранға деген ашу-ызасын «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қарсылық аясында жалған уәждер мен дабыра сөздер айтумен білдіруге талпынып жатыр, тіпті Еуропаны да аталмыш бағдарламаға қарсылық көрсету үшін өзіне қосып алуға күш салуда.  Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-қа қарсы ұстанымын білдірсе де, Ислам революциясының жетекшісі осы жөнінде еуропалықтарға өз кеңесін беріп: «Еуропалықтар АҚШ үкіметінің шараларына, әсіресе Конгрестен шыққан  санкциялар сияқты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуына қарсы тұруы тиіс. Иранның қорғаныс қабілеті мен аймақтағы белсенділігі туралы мәселелерде АҚШ-қа жақтасудан бас тартуы керек, өйткені еуропалықтардың АҚШ-тың зорлықшылдығына жақтасуын мүлде қабылдамаймыз»,-деді.

АҚШ басшылары осы жолы да Иран жайлы есептерінің қате болып шықанын қабылдауға мәжбүр. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Иранды өзінің мақсаттарына жетуге сылтау етіп аламын деп есептеу тек артта қалған сананың нәтижесі бола алады. АҚШ пен Израильдің аймақтағы қатерлі мақсаттарының жолына тосқауыл қойған Ислам революциясының Сақшылар корпусын АҚШ лаңкестік топтардың тізіміне қосты. Осындай жағдайда оның өзі әл-Каида мен ДАИШ-ты тудырып, қолдау көрсетті. Трамп осындай шаралар және зердесіз ұстанымдарымен АҚШ пен Иранның өткені мен бүгіні жайында реалистік түсінігінің жоқтығын көрсетті.  Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Обама АҚШ-тың темір жұдырығын жұмсақ қолғапқа жасырып, өзгеріс жайлы сөйлегенде Иран бұған қуанбады. Қазір де Трамптың қоқан-лоққылары мен даурықпа сөздерінен қорықпайды.