Арақчи: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы әлемдік қолдауға ие
(last modified Sun, 22 Oct 2017 16:41:56 GMT )
Қаз 22, 2017 22:41 Asia/Almaty
  • Арақчи:

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы әлемдік қолдауға ие. Ядролық қарусыздандыру мәселесі туралы Мәскеуде өткен отырыс бұл шындықты тағы айқын растады",- деді.

Аббас Арақчи жексенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатында ядролық қарусыздандыру мәселесі туралы Мәскеуде өткен 14-ші отырыс пен Ресей басшыларымен өткен пікір алмасулардың нәтижелерін оң бағалап: "Бұл кездесулерде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының келіссөз өткізетін мәселе емес екені расталып, ядролық қарусыздандыру мәселесі туралы  отырысқа қатысушылар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  сақтау керектігін қуаттады",- деді.

Арақчи "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тұрақты әрі халықаралық құжат екенін, оған қол қойған барлық елдердің өз міндеттемелеріне табанды болуы қажеттігін қуаттап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы басқа ешбір мәселеге қатысты емес. Бұл шындық ядролық қаруды таратпау жүйесінің бөлінбейтін бөлшегіне айналды",- деп мәлімдеді.