Аятолла Сейед Мұстафа Хомейни ғылыми дарын, батылдық пен күрес тұрғылары бойынша үздік болды
(last modified Sun, 22 Oct 2017 17:09:20 GMT )
Қаз 22, 2017 23:09 Asia/Almaty
  • Аятолла Сейед Мұстафа Хомейни ғылыми дарын, батылдық пен күрес тұрғылары бойынша үздік болды

Ислам революциясының жетекшісі марқұм аятолла Сейед Мұстафа Хомейниді әртүрлі тұрғылардан біртуар тұлға болған деп атады.

Аятолла Хаменеи жексенбі күні таңертең марқұм аятолла Сейед Мұстафа Хомейнидің қайтыс болған күнінің 40-шы жылдығы  қарсаңында өткен жиналыста бұл тұлғаның ғылыми дарын, ерлік пен күрес тұрғыларынан біртуар тұлға болғанын еске салып, қоғам мен бүгінгі буынға оның ғылыми орны мен амалдарын таныстырудың өте маңызды әрі қажет жұмыс екенін қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Мұстафа Хомейнидің 1342 жылғы  имам Хомейниді қамауға алған маңызды оқиғадағы рөліне тоқталып: "Сол кезде аятолла Сейед Мұстафа Хомейни хазірет Масуменің кесенесінің алаңдарының біріне шығып, оның қасына күрескерлер жиналып, үлкен әрі батыл істі жүзеге асырып, халықтың қозғалысын басқарды",- деді.

Аятолла Хаменеи аятолла Сейед Мұстафа Хомейнидің 1356 жылдың абан айының бірі күнгі өлімін халықтың толқынына себеп болғанын айтып: "Имамның илаһи мейірімнің үлгісі деп санаған баласынан айырылуы кезіндегі амалы ұлы имамның төзімі мен сабырын көрсетті",- деді.

Ислам революциясы жетекшісі  аятолла Сейед Мұстафа Хомейнидің жанының тазалығы мен илаһи пікірлеріне, қарапайым өмір сүруі мен сопылығына тоқталып: "Сейед Мұстафа Хомейни имам Хомейни сынды ұлы тұлғаның перзенті болғанымен, еш уақытта  мұндай адамның баласы екенін білдірмеді",-деді.