Путин: Ресей мен Иран стратегиялық қарым-қатынастарға ие
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әлиакбар Велаяти сәрсенбі күні Ресей президентімен кездесіп, екіжақты және аймақ ынтымақтастықтарының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты.
ИРНА-ның мәліметінше, Ресей Президенті Владимр Путин бұл кездесуде Мәскеу мен Теһран арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың дамуына ризалық білдіріп: «Барлық салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейтіп, бұл саладағы барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет»,- деді.
Велаяти де кездесуде Ислам революциясы жетекшісінің Шығыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынастарын дамыту туралы көзқарастарына тоқталып: «ИИР мен Ресей стратегиялық қарым-қатынастарды реттеу саласында қадам басып, бұл жол аймақ пен халықаралық салада тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға көмектеседі»,- деді.