Әскери күштердің мәртебелі бас қолбасшысы: Иранның қорғаныс күші туралы ешбір жағдайда келіссөз жүргізілмейді
(last modified Wed, 25 Oct 2017 14:22:47 GMT )
Қаз 25, 2017 20:22 Asia/Almaty
  • Әскери күштердің мәртебелі бас қолбасшысы: Иранның қорғаныс күші туралы ешбір жағдайда келіссөз жүргізілмейді

Әскери күштердің мәртебелі бас қолбасшысы: «Иранның қорғаныс мүмкіндіктері мен күші келіссөз бен мәмілеге жатпайды. Қорғаныс құралдары мен Иранның ұлттық айбынын қамтамасыз ететін немесе оған қолдау көрсететін барлық нәрсеге қатысты дұшпанмен ешқандай мәміле жасамаймыз» деп қуаттады.

Әскери күштердің мәртебелі бас қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи Әскердің имам Әли атындағы әскери университеттері студенттерінің оқу бітіру, ант қабылдау және иық белгі тапсыру бойынша өткен ортақ рәсімде сөйлеген сөзінің жалғасында: «Ислам жүйесінің дұшпандары Ираның ұлттық күштерін өздеріне кедергі санап, олармен қарсыласады. Сол себепті аймақ пен аймақтан тыс жерлерде халықтар арасындағы ИИР-ның күші мен айбынының артуына қарсы. Себебі, бұл айбын – ислам жүйесі стратегиясының тереңдігінің нәтижесі» деді.  

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі үстемшіл мемлекеттердің Иранның қорғаныстық әлеуетіне қарсылық білдіруін де осы шеңберде бағалап: «Мұндай қарсылықтармен күресудің жолы олардың талап-тілектері алдында ұлттық айбынға арқа сүйеп, табандылық танытуда» деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи қарулы күштердің ең маңызды міндеті мен жауапкершілігін елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп атап: «Әртүрлі салалардағы даму, соның ішінде ғылыми, өнеркәсіптік және экономикалық салалардағы ілгерілеушілік қауіпсіздікті қажет етеді» деп мәлімдеді. 

 

Тегтер