Зариф: Ирандықтар АҚШ-тың ойынына алданбайды
(last modified Thu, 26 Oct 2017 17:33:56 GMT )
Қаз 26, 2017 23:33 Asia/Almaty
  • Зариф: Ирандықтар АҚШ-тың ойынына алданбайды

ИИР Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Ирандықтар АҚШ-тың ойыны мен жалған пікірлестік білдіруіне алданбайды",- деп жазды.

ИИР Сыртқы істер министрі Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Ирандықтар АҚШ-тың ойыны мен жалған пікірлестік білдіруіне алданбайды. АҚШ 1953 жылы Иранның сайланған заңды үкіметін өзгертіп, 1979 жылдан бастап бұл әрекетін қайталау үшін талпыныс жасап келеді. Ирандықтар АҚШ-тың ойынына алданбайды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Парсы шығанағын жалған атпен атауы, Иран халқын лаңкестердің қатарына қосуы мен олардың АҚШ-қа сапарына тыйым салуы ирандықтарға пікірлестік білдірудің өтірік екенін көрсетті. АҚШ-тың республикашыл екі сенаторының Өкілдер палатасына Иранға қарсы санкцияларды күшейту туралы ұсынған заң жобасына дауыс беру қарсаңында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон: "Біз Иран халқымен араздасып жатқан жоқпыз. Біз революцияшыл режиммен келіспеушіліктерге иеміз",-деді"» деп жазды.