Иранның діни жетекшісі Ирак үкіметін америкалықтардың арамдығы мен жауыздығынан сақ болуға шақырды
(last modified Sat, 28 Oct 2017 02:35:56 GMT )
Қаз 28, 2017 08:35 Asia/Almaty
  • Иранның діни жетекшісі Ирак үкіметін америкалықтардың арамдығы мен жауыздығынан сақ болуға шақырды

Ислам революциясының жетекшісі Ирак үкіметінің көршілес және аймақ елдерімен қарым-қатынастарды дамыту жолындағы талпыныстарын қолдап, америкалықтардың жауыздығы мен арамдығынан сақ болып, ешқашан оларға сенім артпауға кеңес берді.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Хейдар әл-Абадимен кездесуде сөйлеген сөзінде: "ДАИШ-ты америкалықтар құрған, бірақ қазір лаңкестер Ирак үкіметі мен халқынан жеңіліс тапқандықтан, осы маңызды өзгеріспен өздерін бағыттас етіп көрсетіп отыр. Алайда, мүмкіндік туған жағдайда олардың Иракқа тағы да соққы беретіні күмәнсіз",- деді..

2003 жылы Саддамның БААС режимі құлағаннан бергі, соның ішінде 2014 жылдың маусым айында ДАИШ-тың Иракқа жасаған шабуылы мен Мосул қаласының құлауынан кейінгі Ирактағы өзгерістерге шолу жасау арқылы  америкалықтардың Иракқа қарсы саясатын талдауға болады. Америкалықтар Иракқа баса-көктеп кіргенде өздерін Ирак халқына бітімгер ретінде таныстырғанымен көп уақыт өтпей Blackwater компаниясының Ирактағы әрекеттері арқылы АҚШ саясатының болмысы баршағы түсінікті болды. Blackwater компаниясының 2007 жылы 17 бейбіт тұрғынның қаза болып, көптеген адамның жарақаттануына себеп болған Ирактың астанасы Бағдадтың ән-Насур алаңында жасаған қылмысы америкалықтардың шынайы бейнесін әлемге танытты. Бұл әрекет Ирак халқы өмірінің олар үшін мүлдем маңызды еместігін және АҚШ мүдделерінің кез-келген мәселеге қарағанда басымдыққа ие екендігін көрсетті.

Сонымен қатар, америкалықтардың басқыншылық кезеңдерінде ДАИШ-ты құрған бір адамның Ирактағы түрмеден босатылуы америкалықтардың жаңа кезеңде Ирактың тұрақтылығы мен дамуын ойламайтынын дәлелдейтін тағы бір мәселе саналады. Бүгінде Абубакр әл-Бағдади деген атпен танымал ДАИШ тобының басшылығын мойнына алған бұл адам америкалықтардың қолдауы мен қамқорлығының арқасында қалыптасты. Ақырында дәл сол топ 2014 жылы Ирак халқының басына қара бұлт болып төнді. Қазір ДАИШ-тың Ирактағы басқыншылығынан 3 жыл уақыт өткеннен кейін ДАИШ-тың көзін жоюдың соңғы кезеңін бастан өткізіп жатқанда америкалықтар ирактықтармен бір бағытты ұстанған секілді болып, өз мүдделерін жүзеге асыруды көздеп отыр. АҚШ Мелмекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Ирактың "Хашд аш-Шааби" халықтық ерікті күштерінің бейнесін бұзудағы әрекетін де дәл осы шеңберде бағалауға болады.

Америкалықтардың Ирактың Күрдістан аймағының бөліну туралы референдумына қатысты ұстанымы да АҚШ-қа сенім артпау керектігінің келесі белгісі. Америкалықтар референдум мәселесіне қатысты тіпті Ирактың территориялық біртұтастығын қолдап отырғанымен  Хейдар әл-Абади үкіметінің Ирактың бірлігі мен территориялық біртұтастығын сақтап, оған кепіл болу үшін кесімді әрекеттеріне деген алаңдаушылығы америкалықтардың арамдығы мен жауыздығының тағы бір дәлелі саналады. Осыған байланысты Ирак Парламентінің депутаты Фердоус әл-Авади бейсенбі күні: "АҚШ-қа сенім артуға болмайды, себебі ол кез-келген жолмен Ирактың ішкі жағдайын бұзып, тұрақсыздық тудыруға әрекет жасауда. Ирак үкіметі АҚШ-тың Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуіне қарсылығы туралы уәждеріне сенбеуі керек. Себебі, АҚШ осындай жағдайдың орын алуын тағатсыздана күтіп отыр",- деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Иранның Ирактағы ықпалына алаңдаушылығы туралы сөздері арқылы бұл елді Сауд Арабиясының жағына тартуға ынталандыру үшін жасап жатқан талпыныстары ДАИШ-тен кейінгі Иракта тұрақсыздық тудыру жобасындағы жаңа талпыныс саналады. Бұл әдіс саудиялықтардың мұнайдан түскен долларларының америкалықтардың сыртқы саясатын қалыптастыруда атқаратын рөлін көрсетіп отыр. Мұндай жағдайда америкалықтардың жаңа Иракқа қатысты саясатының тарихын назарға алып, америкалықтардың саясатына қарсы қырағылық таныту қажет деген қорытынды жасау керек.

 

Тегтер