БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы мен Асеменің есептері заңсыз
БҰҰ-ның Ирандағы Адам құқықтары жөніндегі баяндамашысы Асеме Джахангир БҰҰ Бас Ассемблеясының Үшінші комитетіне берген 2017 жылдың бірінші жартыжылдыққа арналған есебінде алдыңғы кезеңдердегідей Ирандағы адам құқықтары жағдайын саяси көзқарас тұрғысынан қарастырды.
Асеме Джахангир өзінің бұрынғы баяндамаларына ұқсас бұл есебінде Ирандағы діни азшылықтардың жағдайынан бастап, өлім жазасына дейін, сондай-ақ сөз бостандығы және әйелдер үшін тең мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі секілді жағдайларды сынға алды. Ислам революциясына қарсы тараптардың мәліметтеріне негізделген БҰҰ-ның арнайы баяндамашысының есеп беру әдісіне байланысты мұндай есептердің заңсыз әрі дәйексіз екендігіне ешбір күмән жоқ. Асеме Джахангирдің баяндамасын талдамас бұрын, жалпы Иран үшін мұндай арнайы баяндамашы тағайындау мәселесін қарастырған жөн.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Иранды сынға алатын мемлекеттермен салыстырғанда адам құқықтары критерийлерін сақтап, оны нығайтуда қадам басып келе жатқан ел үшін арнайы баяндамашы тағайындады. БҰҰ-ның бұл әрекеті мен басып алынған Палестина жерлеріндегі, Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың қорқынышты түрмелеріндегі адам құқықтарын жаппай бұзуға қатысты немқұрайдылық танытуы бұл ұйымның адам құқықтары ұғымын теріс пайдаланудағы саяси бағытын айқындап отыр. Басып алынған Палестина жерлерінде апартеидтік режимнің соңғы үлгісін пайдаланған сионистік режимге осы аймақтағы адам құқықтарының жағдайын зерттейтін арнайы баяндамашы тағайындалған жоқ. Дәл осы жағдайдың өзі адам құқықтары ұғымының Иранға қарсы құрал ретінде пайдаланылып отырғанын растайды. Айта кететін қызықты әрі маңызды жайт, адам құқықтарын сақтау туралы уәж айтатын АҚШ басып алынған Палестина жерлеріндегі апартеидтік режимге қолдау көрсетіп отыр. Адам құқықтарын бұзуға қатысты айтар болсақ, басып алынған Палестина жерлерінен бөлек, әлемнің басқа да жерлерінде, соның ішінде Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың өзінде түрлі түстілердің құқықтарына назар аударылмайды. Алайда, бұл мемлекеттер үшін арнайы баяндамашы тағайындалмаған.
Осы жағдайға байланысты негізінен Иран үшін арнайы баяндамашы тағайындаудың өзі заңсыз әрекет саналады. Мұндай жағдайда бұл баяндамашының үсті-үстіне жасаған есептері дәйексіз әрі жалған саналады.
Иранның БҰҰ-ның арнайы баяндамашысымен ынтымақтастық жасамауы мен оның Иранға сапармен келуіне қарсылық білдіруі де арнайы баяндамашы тағайындаудың саяси болмысының шеңберінде мағынаға ие болып отыр. Сол себепті ИИР БҰҰ-ның арнайы баяндамашысын ресми түрде мойындамайды және заңсыз дереккөздерге негізделген есептерін біржақты және халықаралық стандарттарға сай емес деп есептейді. Осы арада БҰҰ-дағы Иран өкілінің кеңесшісі Мұхаммад Хасанинеджад Пиркуһи Асеме Джахангирдің жаңа есебіне реакция білдіріп: "Бұл баяндамашының Иранға іссапары басқа 192 мемлекет үшін арнайы баяндамашы тағайындалған кезде ғана заңдылыққа ие болады",- деп мәлімдеді.