Амано Теһранға келді
https://itolqyn.com/news/iran-i31985-Амано_Теһранға_келді
АҚХА-нің Бас директоры ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін сенбі күні кешке Теһранға келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 29, 2017 14:48 Asia/Almaty
  • Амано Теһранға келді

АҚХА-нің Бас директоры ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін сенбі күні кешке Теһранға келді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Юкиа Амано бүгін, жексенбі күні Иран Президентінің орынбасары әрі Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехимен кездесіп, сұхбаттасады.

Сарапшылар АҚШ басшылары тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты әртүрлі тақырыптар көтеріліп, содан кейін орын алған оқиғаларды ескеріп, АҚХА  Бас директорының Теһран сапарын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нығайтуға бағытталған маңызды талпыныс деп бағалады.

Аманоның Иранға сапары қарсаңында Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі Беһруз Камалванди Аманоның Теһран сапарының мақсаты мен бағдарламасы туралы: «Иранның жауапты тұлғалары АҚХА-ның жауапты тұлғаларымен жүйелі түрде кездесіп, әртүрлі тақырыптар жөнінде, соның ішінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы, қорғаныс шаралары және протокол мәселелеріне қатысты сұхбаттасады»,-деді.