Қаз 30, 2017 17:30 Asia/Almaty
  • Иранның Өнеркәсіп министрі: Теһран Сирияны қайта қалпына келтіру ісіне атсалысады

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі: "ИИР Сирия үкіметінің өндіріс, қызмет көрсету және дамыту секілді барлық бөліктерін іске қосу мақсатындағы бағдарламасы негізінде Сирияны қайта қалпына келтіру ісіне атсалысады",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Шариатмадари жексенбі күні Сирияның Теһрандағы елшісі Эднан Махмудпен кездесуінде: "Ірі экономикалық жобаларды жүзеге асыру және қолдағы бар әлеуеттерді пайдалану үшін екі елдің жеке және мемлекеттік секторлары іске қосылуы тиіс",- деп мәлімдеді.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Иран үкіметінің Сириямен экономикалық қатынастарды стратегиялық деңгейде нығайтуға шешім қабылдағаны туралы хабарлап, Теһранның Сириядағы өнеркәсіптік өндіріс бөлігін іске қосатынын айтты.

Сирияның Теһрандағы елшісі Эднан Махмұд та екі ел арасында өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіптік аймақтар құру және Иран мен Сирияда банктердің филиалдарын ашу және сауда айналымының көлемін арттыру туралы қол қойылған меморандумдарды жүзеге асыру үшін қажет әрекеттер мен іс-шаралардың күн тәртібіне енгізілгенін мәлімдеді.

 

Тегтер