Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы отырыс өткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i32016-Иран_Сыртқы_Істер_Министрлігінің_баспасөз_хатшысы_отырыс_өткізді
Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы екіжақты, аймақтық, халықаралық мәселелер мен лаңкестікпен күрес және екіжақты серіктестіктерді кеңейтуді Иран мен Ресей және Әзірбайжан республикасы елдері басшылары отырысының тақырыптары болғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 30, 2017 23:14 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы отырыс өткізді

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы екіжақты, аймақтық, халықаралық мәселелер мен лаңкестікпен күрес және екіжақты серіктестіктерді кеңейтуді Иран мен Ресей және Әзірбайжан республикасы елдері басшылары отырысының тақырыптары болғанын мәлімдеді.

Баһрам Ғасеми Иран, Ресей және Әзірбайжан басшыларының сәрсенбі күні Теһранда өткен үшжақты отырысы туралы республикалық және шетелдік тілшілерге берген сұхбатта: «Бұл отырыс жоғары деңгейлі басшылардың үш ел мен аймақ бетпе-бет келіп отырған мәселелердің жиынтығы туралы кеңесіп, байсалды пікір алмасуы үшін өте жақсы мұрсат болды» деді. Ғасеми Қазақстанның бас қаласы Астанада бүгін дүйсенбі күні Сирия тақырыбында өтетін Астана саммитының жетінші кезеңі туралы айтқан сөзінде Иран мен Ресей және Түркия делегациялары арасында Сирия халқының тыныштығын, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қалпына келтіруге көмектесетін келісімге қол жеткізілуіне үміт білдіріп, қалған миналарды тауып, олардың көзін жою мен тұтқындармен алмасуды Астана келіссөздерінің жетінші кезеңіндегі басты екі тақырып деп атады.     

Ғасеми Арабстан СІМ Адел әл-Джубейрдің «Егер Иран хоусилерге көмектеспегенде, Йемендегі соғыс аяқталған болар еді» деген сөзіне реакция білдіріп: «Арабстан басшыларының сөздері олар қоя алмайтын әдетке айналған сынды. Бұл елдің басшылары өздерінің мәселелерін басқаларға таңып, басқаларды айыптауға әдеттенген. Йемен тақырыбы айқын, басқыншы белгілі. Ауыр қарулармен тұрғын аймақтарды бомбалау арқылы қандай адамдардың Йемен халқын нысанаға алғаны да анық» деп қуаттады.