Джон Керри ИСИМ-ді жою үшін Вашингтон мен Дамасктың келісімге келуі қажеттігін қуаттады
(last modified Sat, 26 Mar 2016 10:28:18 GMT )
Нау 26, 2016 16:28 Asia/Almaty
  • Джон Керри ИСИМ-ді жою үшін Вашингтон мен Дамасктың келісімге келуі қажеттігін қуаттады

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Вашингтонның ИСИМ лаңкестік тобының көзін құрту үшін неғұрлым тезірек Сирия Президентімен келісімге келу керек екенін қуаттады.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Брюссельге сапармен барған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри жұма күні CNN-ге берген арнайы сұхбатында: "Вашингтон неғұрлым тезірек Сирия Президенті Башар Асадпен келісімге келсе, соғұрлым тезірек ИСИМ лаңкестік тобының көзін жоя алады. Біз біртіндеп, үздіксіз түрде ИСИМ-нің жаңа мүшелерді қабылдауының және өзінің бүлдіргі наным-сенімдерін таратуының алдын алуға әрекет етіп жатырмыз. Ешбір ел ИСИМ-ді қолдап отырған жоқ. ИСИМ оқшау қалды. Сол себепті ИСИМ-нің көзі жойылатындығын сенімді түрде айтуға болады" деді.