Хосейн Фадаи Ислам революциясы жетекшісінің инспекциялық кеңсесіне басшы болып тағайындалды
(last modified Tue, 31 Oct 2017 08:47:11 GMT )
Қаз 31, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • Хосейн Фадаи Ислам революциясы жетекшісінің инспекциялық кеңсесіне басшы болып тағайындалды

Иран Ислам революциясының жетекшісі жарлық шығарып, Хосейн Фадаиды өзінің инспекциялық кеңсесінің басшы етіп тағайындады.

"Тасним" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ислам революциясының жетекшісі дүйсенбі күнгі жарлығында Натеқ Нуриге алғыс айтып, Хосейн Фадаиды өзінің инспекциялық кеңсесінің басшы етіп тағайындады. Бұл міндетті бұған дейін Натеқ Нури атқарған болатын.

Революциялық күреске қатысқан Хосейн Фадаи мұның алдында Ислам Кеңесі Мәжілісінің 7-8 кезеңдерінде Теһран халқының депутаты, Ислам Кеңесі Мәжілісінің 90-шы негізі комиссиясы басшысының орынбасары, соғыс кезіндегі төтенше жағдай штабының қолбасшысы, экономикалық жемқорлықпен күрес штабындағы заң шығару билігінің өкілі және қала мен ауылдық кеңестері сайлауын бақылайтын кеңестің басшысы сияқты міндеттерді атқарды.

 

 

Тегтер