Шамхани: Иран ешбір жағдайда «Ортақ қадам» туралы қайтадан келіссөз жүргізбейді
https://itolqyn.com/news/iran-i32029
Иранның Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қандай жағдайда болмасын қайтадан келіссөз өткізу тақырыбының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ешбір бабында көрсетілмегенін баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 31, 2017 21:19 Asia/Almaty
  • Шамхани: Иран ешбір жағдайда «Ортақ қадам» туралы қайтадан келіссөз жүргізбейді

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қандай жағдайда болмасын қайтадан келіссөз өткізу тақырыбының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ешбір бабында көрсетілмегенін баса айтты.

Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани Теһранда баспасөз және хабар агенттіктерінің 23-ші көрмесі аясында өткен баспасөз отырысында: ««Иран «Ортақ қадамға» тұрақты екенін іс жүзінде дәлелдеді. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі де осы беріктікті 8 рет растады» деді.  

Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Америка Конгресінің Иранға қарсы «санкциялардың анасы» заңын қабылдау үшін шешім шығарғаны туралы: «Бұл санкциялар Иран халқының түбегейлі әрекеттеріне әсер етпейді» деді.

Шамхани Ирактың Күрдістан аймағындағы өзгерістерге тоқталып: «Ирактың Күрдістан аймағында бөліну туралы референдум өткізу осы елдің күрд халқының арасындағы жікке соқтырды. Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзанидің осы аймақтың билігін уақыт тұрғысынан аяқталғандықтан тапсырудан басқа шарасы жоқ» деді.